2015 жылғы 12 ақпан, Астана қаласы
Ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
«Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В.ШКОЛЬНИК.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы №83 бұйрығымен бекітілген
Ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылаудың
мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 1997 жылғы 14 сәуірдегі «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерін (бұдан әрі – сәулелену көздері) есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар ядролық материалдармен және сәулелену көздерімен жұмыс iстеу, оларды өндiру, пайдалану, қайта өңдеу, ғылыми зерттеулер жүргiзу, тасымалдау мен орналастыру және Қазақстан Республикасының аумағымен, сондай-ақ экспорттау мен импорттау кезiнде шекара арқылы өткiзу жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қолданылады.
3. Ядролық материалдар мен сәулелену көздерін мемлекеттiк есепке алу және бақылау жүйесі ядролық материалдар мен сәулелену көздерінің бар мөлшерiн, олардың табылған жерлерін дәлме-дәл айқындауды, жоғалуын, рұқсатсыз пайдаланылуын және ұрлануын болдырмауды, ядролық материалдар мен сәулелену көздерінің бар-жоғы және орнын ауыстыруы, сәулелену көздері мен ядролық материалдардың есептен шығарылуы және көмiлуi, экспорты және импорты туралы жедел ақпаратты Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне (бұдан әрі – уәкілетті орган), ал халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда халықаралық ұйымдар мен басқа мемлекеттерге беруді қамтамасыз етеді.
4. Ядролық материалдар мен сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау оларды бастапқы өндіру кезеңінен бастап және түпкілікті көмгенге, пайдаланудан шығарғанға дейін, сондай-ақ олар жоғалған жағдайда оларды бақылауды қалпына келтіру арқылы жүргізіледі.
Ядролық материалдар мен сәулелену көздерінің болуы мен қозғалысын бақылау, сондай-ақ есепке алу тәртібімен мерзімді түгендеу жүргізу, есеп беру және есепке алу деректерін салыстыру және талдау жолымен жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік есепке алуға және бақылауға:
1) құрамында уран-235, уран-233, плутоний мен торий изотоптары бар ядролық материалдар;
2) радиациялық сипаттамалары алу деңгейiнен асатын, оның ішінде құралдардың (бұйымдардың, қондырғылардың) құрамына кіретін сәулелену көздерi жатады.
Құрамында уран, торий және плутоний изотоптары бар, оның ішінде радиоизотопты құралдар құрамына кіретін сәулелену көздерін есепке алу және бақылау тәртібі сәулелену көздерін есепке алу тәртібі ретінде де, ядролық материалдарды есепке алу тәртібі ретінде де айқындалады;
3) өрт сигнализациясының датчиктеріндегі радионуклидті көздер, радиофармацевтикалық препараттар, иммунологиялық талдауға арналған жинақтар, медициналық мақсаттағы радиоизотоптық генераторлар, радионуклидтермен белгiленген қосылыстар, сондай-ақ 125-йодты қоса алғанда, жартылай ыдырау кезеңi 60 (алпыс) тәулiкке дейiнгi тіршілігі қысқа радионуклидтер негiзіндегi радиоизотоптық препараттар мен ерiтінділер оларды пайдаланатын ұйымдарда есепке алынады.
Мұндай сәулелену көздерінің жалпы саны және жиынтық белсенділігі туралы мәліметтер уәкілетті органға жыл сайынғы түгендеу нәтижесі бойынша беріледі.
6. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) кіруді бақылау құралдары – ядролық материалды рұқсатсыз алып қоюды, пайдалануды, орнын ауыстыруды, кіру аймағына енуді анықтауға арналған техникалық құралдар (қадағалау жүйесі мен араласуды индикациялау құрылғылары);
2) есепке алу құжаттары – ядролық материалды және/немесе сәулелену көздерін өлшеу, бар-жоғы, саны, құрамы, орналасқан орны мен жай-күйінің нәтижелері туралы деректерді, сондай-ақ оларды нақтылау мен түзету туралы мәліметтерді қамтитын ұйымның қызмет түріне байланысты құжаттар;
3) есеп беру құжаттары – түгендеу санының өзгергені туралы есеп, нақты қолда бар санының тізім және материалдық-теңгерімдік есеп;
4) қондырғы – реактор, сындарлы құрастырма, конверсиялау жөніндегі зауыт, шығарушы зауыт, қайта өңдейтiн қондырғы, изотоптарды бөлуге арналған зауыт, әдетте бiр тиiмдi килограммнан артық мөлшерде ядролық материал пайдаланылатын жеке қойма немесе кез келген болу орны;
5) қондырғының құрылымы туралы ақпарат – әрбір қондырғының сипаттамасы бойынша ақпарат (мақсаты, номиналды қуаты және географиялық орналасуы, атауы және мекенжайы, олар әдеттегі іскерлік мақсаттар үшін пайдаланылады), қондырғыны орналастыру сипаттамасы (ядролық материалдың нысаны, орналасқан орны және ағыны, ядролық материал пайдаланылатын, өндірілетін және өңделетін жабдықты жинақтау), ядролық материалдарды есепке алу және бақылау бойынша қолданылатын рәсімдер туралы ақпарат;
6) қондырғыдан тыс болу орны – ядролық материал пайдаланылатын кез келген объекті немесе қондырғыдан тыс кез келген болу орны;
7) материалдардың теңгерім аймағы (теңгерім аймағы) – ядролық материалды теңгерім аймағына немесе одан әрбір орнын ауыстыру кезіндегі саны айқындалатын және ядролық материалдың қолда бар саны айқындалатын қондырғыдағы немесе одан тыс аймақ;
8) материалдық-теңгерімдік есеп – ядролық материалдың бастапқы және соңғы тіркелген санын, ядролық материал санының есепті кезең ішінде ұлғаюын (азаюын), материалдың теңгерім аймағындағы ядролық материалдың соңғы нақты қолда бар саны мен санын түгендеу айырмашылығын қамтитын есеп;
9) материал партиясы (партия) – негізгі өлшем нүктесінде құрамы мен саны ерекшеліктің немесе өлшемнің бірыңғай кешенімен айқындалатын есепке алу мақсаты үшін өлшем бірлігі ретінде пайдаланылатын ядролық материалдың бір бөлігі;
10) негізгі өлшем нүктесі (өлшем нүктесі) – материалдың ағынын немесе түгендеу санын айқындау үшін ядролық материалды өлшеуге болатындай нысанда болатын жер;
11) түгендеу саны – қондырғыдағы немесе қондырғыдан тыс болу орнындағы ядролық материалдың саны;
12) түгендеу санының өзгеруі туралы есеп – ядролық материалдың түгендеу санындағы барлық өзгерістер туралы мәліметтерді қамтитын есеп;
13) физикалық түгендеу – материалдық теңгерім аймағындағы ядролық материалдың нақты саны мен жай-күйін тексеру;
14) ядролық материалдың нақты қолда бар санының тізімі – физикалық түгендеу нәтижесінде айқындалған ядролық материалдың әрбір бірліктегі немесе партиядағы саны көрсетілген ядролық материалдың есептік бірліктерінің және (немесе) партияларының тізбесі.
7. Ядролық материалдар мен сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау екі деңгейде: уәкілетті орган деңгейінде және өз қызметінде ядролық материалдарды және (немесе) сәулелену көздерін пайдаланатын ұйымдар (бұдан әрі – ұйым) деңгейінде жүзеге асырылады.
8. Уәкілетті орган:
1) ядролық материалдардың дерекқорын және сәулелену көздерінің мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
2) мемлекеттік органдарға олардың сұрау салуына сәйкес ядролық материалдар мен сәулелену көздерінің бар-жоқтығы және орын ауыстыруы туралы ақпарат береді;
3) ұйымдар беретін қондырғының құрылымы туралы ақпаратты қарайды;
4) қондырғылар мен материалдың теңгерім аймағының, негізгі өлшем нүктелерінің кодтарын белгілейді;
5) ұйымдарда ядролық материалдарға физикалық түгендеу жүргізу жоспарлары мен мерзімдерін келіседі;
6) ядролық материалдарды есепке қою немесе есептен алу туралы шешім қабылдайды.
9. Ұйымдар:
1) сандық сипаттамаларын өлшеу нәтижелері не уәкілетті органмен келісім бойынша есеп айырысу негізінде ядролық материалдар мен сәулелену көздерінің есебін жүргізеді;
2) есепке алу құжаттарын (материалдық-теңгерімдік және пайдалану) жүргізеді;
3) физикалық түгендеу жүргізу арқылы ядролық материалдар мен сәулелену көздерінің теңгерімін шығарады;
4) ядролық материалдар мен сәулелену көздерінің бар-жоғы мен қозғалысы туралы есептерді; ядролық материалдардың экспорты (импорты), Қазақстан Республикасының аумағы арқылы орнын ауыстыру туралы алдын ала хабарламаны және хабарламаны; ұйымның қызметі туралы ақпаратты; қондырғылардың құрылымдары туралы ақпаратты әзірлейді және уәкілетті органға береді;
5) ядролық материалдар мен сәулелену көздеріне қол жеткізуді бақылауды қамтамасыз етеді.
2. Ядролық материалдарды есепке алу және бақылаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру тәртібі
10. Уран және (немесе) торий кендерін өндіретін ұйымдарда өндірілген кеннің жалпы мөлшері, ондағы уранның және (немесе) торийдің орташа концентрациясы мен мөлшері туралы деректердің, сондай-ақ Қазақстанның ұйымдарына немесе Қазақстаннан тыс жерлерге берілген кеннің мөлшері туралы мәліметтің есебі жүргізіледі.
11. Жер астында шаймалау әдісімен уран өндіретін жетекші ұйымдарда және уран концентратын байытуды жүзеге асыратын ұйымдарда:
1) концентраттың жалпы мөлшері, сондай-ақ ондағы уранның орташа шоғырлануы мен мөлшері туралы деректердің;
2) ұйым тікелей өндірген немесе Қазақстан Республикасының аумағына өнім берушіден немесе шетелден алынған бастапқы материалдың құрамындағы уранның жалпы мөлшері туралы деректердің;
3) ұйым өндірген немесе берген түпкілікті өнімдегі уранның жалпы мөлшері туралы деректердің есебі жүргізіледі.
Ұйымда өндірілген, берілген, қайта өңделген, қалған уранның және (немесе) торийдің мөлшері туралы жыл сайынғы деректер есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейін уәкілетті органға жіберіледі.
12. Ядролық отынды дайындау үшін немесе U-235 изотопы бойынша уранды байыту үшін қажетті құрам мен тазалыққа жеткен, ядролық материалмен жұмыс істейтін қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда ядролық материалды есепке алу мен бақылау ядролық отын циклының кез келген нүктесінде және кез келген табиғи нысандағы және плутонийдің, торийдің, 233-уранның U-235 изотопы бойынша байытылған уранның, жұтаңданған уранның кез келген химиялық құрамында жүзеге асырылады.
13. Ядролық материалды есепке алу теңгерім аймақтары бойынша жүргізіледі. Әрбір теңгерім аймағында ядролық материалдың түгенделетін саны мен ағыны (түгенделетін өзгерістері) айқындалатын негізгі өлшем нүктелері белгіленеді.
14. Ұйым ядролық материалды оны өндіргеннен немесе теңгерім аймағына түскеннен кейін есепке қояды.
15. Ұйым ядролық материалды басқа теңгерім аймағына жөнелткеннен кейін немесе оны есептен алу мүмкіндігі туралы уәкілетті органнан растама алғаннан кейін теңгерім аймағындағы есептен алады.
16. Уәкілетті орган қондырғыны анықтауға дәл келетін атом энергиясын пайдаланатын әрбір объектіге қондырғының кодын береді. Қондырғыдан тыс барлық жер үшін уәкілетті орган ядролық материалдарды есепке алудың жалпы теңгерім аймағын құрады, бұл ретте әрбір қондырғыдан тыс жер негізгі өлшеу нүктесін білдіреді.
17. Есепке алу құжаттары әрбір теңгерім аймағы үшін жүргізіледі және олардың саны мен санының өзгерісін қоса алғанда, ядролық материалдардың әр түрі туралы деректерді қамтиды. Есепке алу құжаттары есеп беру құжаттары үшін негіз болып табылады.
Қате жазылған жазулар мен кейіннен жаңа жазулар енгізу есепке алу құжаттарында жаңа есепке алу нөмірімен сақталады.
Есеп беру деректерін түзету жаңа есеп беру құжаттарын беру арқылы жүргізіледі.
18. Ұйым белгіленген негізгі өлшем нүктесін ескере отырып, ядролық материалдың қозғалысын есепке алу мен бақылауды оның теңгерім аймақтары арасында немесе теңгерім аймағының ішінде орнын ауыстыру түріне байланысты жүзеге асырады.
Ядролық материалдың орнын теңгерім аймақтары арасында ауыстырған кезде ұйым ядролық материал салынған контейнерлер (мөрлердің (пломбалардың) түрлері мен сәйкестендіргіштері, контейнерлердің брутто салмағы және басқа да қажетті деректер) туралы деректері бар кіріс-шығыс, ілеспе құжаттарды ресімдейді. Ядролық материалдың сипаттамалары туралы мәліметтер (паспорттық деректер) арнайы поштамен немесе жүкпен бірге жөнелтілетін құжаттарда келтіріледі.
Ұйым сырттай тексеруді және есепке алу бірліктерінің (контейнерлердің) санын тексеруді, мөрлерді (пломбаларды) тексеруді, контейнерлердің, сәйкестендіргіштерінің мөрлердің (пломбалардың) және орналасқан жерінің ілеспе құжаттардың деректеріне сәйкестігін тексеруді жүргізеді, сондай-ақ ядролық материал салынған контейнерлердің брутто салмағы мен оның параметрлерін растайтын өлшеуді жүргізеді немесе оның жүргізілуін тексереді.
Өлшеу нәтижесінде алынған деректер есептік құжаттарда тіркеледі. Жөнелтуші мен алушының деректерінің алшақтығы өлшем қателерінің мәнінен асқан жағдайда, алушы арнайы есеп жасайды және оны уәкілетті органға жиырма төрт сағат ішінде жібереді.
Теңгерім аймағының ішінде ядролық материалдың орнын ауыстыру ұйым әкімшілігі бекіткен ішкі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.
19. Ядролық материалдың барлық орын ауыстыруы есепке алу және есеп беру құжаттарында көрініс табады.
20. Ұйым осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша алдын ала хабарламаны ядролық материалдардың болжамды экспорты (импорты), олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы орын ауыстыру күніне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға жібереді.
Ұйым бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша ядролық материалдарды экспорт (импорт) арқылы жөнелткені немесе алғаны, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ядролық материалдарды өткізу туралы хабарламаны уәкілетті органға жібереді.
21. Барлық ядролық материалдар бойынша есепке алу деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін ұйым оларға физикалық түгендеу жүргізеді, түгендеу кезінде теңгерім аймағындағы ядролық материалдардың нақты саны өлшенеді және жай-күйі құжатпен расталады, алынған нәтижелер талданады.
22. Ұйым бастапқы (ядролық материалды жаңа теңгерім аймағында есепке қою), жоспарлы (жылына бір рет), жоспардан тыс (рұқсатсыз пайдалану, ядролық материалдың жоғалу фактісін анықтау, төтенше жағдайлар, теңгерім аймағын тарату (қайта ұйымдастыру) физикалық түгендеу жүргізеді.
23. Ядролық материалдың барлық саны (партиясы) бір рет қана түгенделеді; материалдық теңгерім кезеңіне қатысты түгендеу санындағы барлық өзгерістер құжаттарда көрсетіледі; ядролық материалдың барлық саны есепке алу жазбасына енгізіледі.
24. Жоспарлы және жоспардан тыс физикалық түгендеулердің қорытындысы бойынша акті жасалады, материалдық теңгерім шығарылады, ядролық материалды есепке алу журналында тіркелген және нақты қолда бар саны арасындағы айырмашылық бағаланады, ядролық материалдың қолда бар санының тізімі және материалдық-теңгерімдік есеп жасалады.
25. Ұйым ядролық материалдардың бар-жоғы, қозғалысы және теңгерімі туралы есептерді (физикалық түгендеу жүргізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде есеп, ядролық материалдың нақты қолда бар санының тізімі және материалдық-теңгерімдік есеп ұсынылатын ай аяқталған соң күнтізбелік он күн ішінде айына бір рет түгендеу санының өзгергені туралы есеп) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электронды түрде және қағаз көшірмеде уәкілетті органға жібереді.
26. Ядролық материалдарға кіруді бақылау ядролық материалдарға рұқсатсыз қол жеткізуді анықтауға арналған және оның тұтастығын бұзбай параметрлерді қайтадан пайдаланбай немесе өзгертпей алу ықтималдығынан қорғалған техникалық құрылғыларды, сондай-ақ ұйым белгілеген рәсімдерге сәйкес бақылау жүйелерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Ядролық материалға немесе есепке алу деректеріне рұқсатсыз кіру белгілері байқалған жағдайда, ұйым бұзушылықтардың мән-жайларына тексеру және жоспардан тыс физикалық түгендеу жүргізеді. Ұйым арнайы есеп жасайды, оны уәкілетті органға жиырма төрт сағат ішінде жібереді.
27. Ядролық материалға қатысты есепке алу және бақылау шараларын қолдану оны толық пайдалану немесе ол қандай да бір ядролық қызмет үшін жарамсыз немесе іс жүзінде өндірілмейтін болатындай сұйылту фактісі анықталғаннан кейін тоқтатылады. Ядролық материалды есептен алу туралы шешімді ұйым уәкілетті органмен келіседі және құжатпен ресімдейді.
3. Сәулелену көздерін есепке алу және бақылаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру тәртібі
28. Ұйым сәулелену көздерін жоғалту, бақылаусыз пайдалану және олармен барлық жұмыс кезеңі ішінде сақтау мүмкіндігін болдырмайтын олардың есебін жүргізуді қамтамасыз етеді.
29. Сәулелену көздерін бір ұйымнан екінші ұйымға беру гигиеналық нормативтерге, санитариялық қағидаларға, сәулелену көздерін тасымалдау жөніндегі талаптарға, бухгалтерлік есепке сәйкес ресімделетін ілеспе құжаттардың (қабылдау-беру актілерінің, жүкқұжаттарының, тапсырыстардың-өтініштердің) және негізінде жүргізіледі.
30. Он жұмыс күні ішінде ұйым (сәулелену көздерін алған және берген) сәулелену көздерінің қозғалысы туралы деректерді қамтыған мәліметті осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Ф2 ИСК және/немесе Ф6-ДСҚ және/немесе Ф9-НГ нысандары бойынша уәкілетті органға жібереді.
31. Сәулелену көздерін алған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей ілеспе құжаттар кіріске алу үшін ұйымның бухгалтериясына беріледі.
Бухгалтерлік есептілік құжаттарын қоспағанда, ілеспе құжаттардың көшірмелері сәулелену көздерін есепке алуға жауапты адамға беріледі.
32. Ұйым сәулелену көздеріне арналған ілеспе құжаттардың сақталуын олардың тіршілік циклының бүкіл уақыты ішінде қамтамасыз етеді. Ілеспе құжаттар жоғалған жағдайда, оларды қалпына келтіру бойынша шаралар қолданылады.
33. Барлық алынған сәулелену көздері кіріс-шығыс журналына тіркеледі.
34. Жыл сайын, 1 - 30 желтоқсан аралығындағы кезеңде ұйымдарда сәулелену көздеріне түгендеу жүргізіледі.
Сәулелену көздеріне түгендеу олардың бар-жоғын бақылау және сәулелену көздерінің кіріс-шығыс журналдары мен бухгалтерлік құжаттамалардағы есепке алу жазбаларының нақты қолда бар есептік бірліктеріне сәйкестігін анықтау үшін жүргізіледі .
35. Сәулелену көздерін түгендеуді ұйым әкімшілігінің бұйрығымен тағайындалған комиссия жүргізеді. Түгендеу комиссиясының құрамына сәулелену көздерін есепке алуға, сақтауға жауапты адамдар, әкімшілік пен бухгалтерияның өкілдері енгізіледі.
36. Сәулелену көздерін түгендеу қорытындысы бойынша комиссия ұйымда белгіленген нысан бойынша түгендеу актісін ресімдейді.
Есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейін сәулелену көздерін түгендеу актісінің көшірмесі уәкілетті органға жіберіледі.
Актіге:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Ф1-ИСК және/немесе Ф5-ДСҚ және/немесе Ф8-НГ нысандары бойынша түгендеу жүргізу кезінде ұйымда есепте тұрған сәулелену көздерінің тізбесін қамтыған мәліметтер;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Ф2-ИСК және/немесе Ф6-ДСҚ және/немесе Ф9-НГ нысандары бойынша есепті кезең ішінде сәулелену көздерінің қозғалысы туралы жиынтық деректерді қамтыған мәліметтер қоса беріледі.
37. Есепке алу деректерінің сәулелену көздерінің нақты санына сәйкессіздігі анықталған немесе оларды ұйымның рұқсат етілген қызметіне сәйкес келмейтін мақсаттарға пайдаланған жағдайда, әкімшілік қызметтік тексеру жүргізеді.
Ресімдегеннен кейін он жұмыс күні ішінде қызметтік тексеру материалдары уәкілетті органға жіберіледі.
38. Кезектен тыс түгендеу ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, оны таратқан немесе қайта ұйымдастырған, сәулелену көздерімен жұмыс толық тоқтатылған жағдайларда, ұйымның мүлкін жалға беру, сатып алу, сату, ұрлау фактісі анықталған, сәулелену көздері орналасқан немесе сақталған пункттерге (жерге) рұқсатсыз ықпал жасалған кезде, төтенше жағдайлардың зардаптарын жойғаннан кейін жүргізіледі.
39. Сәулелену көздерін ұйымға уақытша пайдалануына (жалға) бергеннен кейін он жұмыс күні ішінде (көздің иесі, жалға алушы) сәулелену көздерінің қозғалысы туралы мәліметті қамтыған мәліметтерді осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес уәкілетті органға жібереді.
Екі ұйым да сәулелену көздерін уақытша пайдалану жұмыстары аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Ф2-ИСК және/немесе Ф6-ДСҚ және/немесе Ф9-НГ нысандары бойынша сәулелену көздерінің қозғалысы туралы деректерді қамтыған мәліметтерді уәкілетті органға жібереді.
40. Сәулелену көздерімен жұмыс тоқтатылған жағдайда ұйым бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды. Кіріс-шығыс журналына тиісті жазулар енгізіледі.
41. Ұйым таратылған жағдайда есепте тұрған барлық сәуле шығару көздері басқа ұйымға беріледі немесе радионуклид көздерін көмуге беріледі, ал иондаушы сәуле өндіретін қондырғылар бөлшектеледі және тарату процесі басталғанға дейін акті бойынша есептен шығарылады. Уәкілетті органға сәулелену көздерінің қозғалысы туралы мәліметті қамтыған мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Ф2-ИСК және/немесе Ф6-ДСҚ және/немесе Ф9-НГ нысандары бойынша жіберіледі.
42. Сәулелену көздерін ұзақ уақыт сақтауды жүзеге асыратын ұйым он жұмыс күні ішінде радионуклид көздерін алғаны туралы деректерді қамтыған мәліметті осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Ф4-ИСК нысаны бойынша уәкілетті органға есеп береді.
Ұйым есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейін есепті кезең ішінде ұзақ уақыт сақтауға алынған радионуклид көздері туралы деректерді қамтыған мәліметті осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Ф4-ИСК нысаны бойынша уәкілетті органға жібереді.
Есептік сипаттамалардың дұрыстығын тексеру мақсатында ұйым осы радионуклид үшін алу деңгейінен он есе асатын белсенділігі бар жабық радионуклид көздеріне сәйкестендіру жүргізеді.
Сәйкестендіру иондаушы сәулеленуден арнайы қорғау құралдарын қолдана отырып және ұйым әзірлеген техникалық регламент пен радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.
Жабық радионуклид көздерінің есептік сипаттамаларын сәйкестендіру нәтижелерінің ілеспе құжаттарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда ұйым әзірлеген акті жасалады, ол уәкілетті органға және бұрын осы көздерді пайдаланған ұйымға немесе өнім беруші ұйымға жіберіледі. Өнім беруші ұйым сәйкестендіру актісін көздер алынған ұйымға береді. Ұйым қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері ресімделгеннен кейін он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жіберіледі.
43. Иондаушы сәулелену көздерін жеткізуші ұйым он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Ф3-ИСК және/немесе Ф7-ДСҚ және/немесе Ф10-НГ нысандары бойынша әрбір сәулелену көздерінің жеткізілімі (тасымалы) туралы мәліметті қамтыған мәліметтерді береді.
Өнім беруші ұйым есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Ф3-ИСК және/немесе Ф7-ДСҚ және/немесе Ф10-НГ нысандары бойынша есепті кезеңде сәулелену көздерінің жеткізілімі (тасымалы) туралы мәліметті қамтыған мәліметтерді уәкілетті органға жібереді.
44. Дайындаушы ұйым иондаушы сәуле өндіретін құрылғыны (көздерді) қоса алғанда, барлық дайындалған сәулелену көздерін есепке алады. Кіріс-шығыс журналдарына сәулелену көздерін дайындағаннан кейін бірден тиісті жазу енгізіледі.
Дайындаушы ұйым сәулелену көздерін сатқаннан кейін он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Ф2-ИСК және/немесе Ф6-ДСҚ және/немесе Ф9-НГ нысандары бойынша сәулелену көдерінің қозғалысы туралы мәліметті қамтыған мәліметтерді жібереді..
Дайындаушы ұйым есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейін уәкілетті органға:
Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Ф2-ИСК және/немесе Ф6-ДСҚ және/немесе Ф9-НГ нысандары бойынша есепті кезеңдегі сәулелену көздерінің жеткізілімдері (сату) туралы мәліметті қамтыған мәліметтерді;
Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Ф1-ИСК және/немесе Ф5-ДСҚ және/немесе Ф8-НГ нысандары бойынша дайындалған, бірақ сатылмаған сәулелену көздері туралы мәліметті қамтыған мәліметтерді жібереді.
45. Ұйым экспорттауға лицензия бойынша көздерді импорттауға немесе жөнелтуге лицензия бойынша сәулелену көздерін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде лицензияның және кедендік жүк декларациясының көшірмелерін уәкілетті органға жібереді.
46. Осы Қағидаларға 4-қосымшада берілген нысандарды толтырған кезде осы Қағидаларға 5-қосымшада келтірілген операциялардың кодтары пайдаланылады.
47. Ұйымдар сәулелену көздерін жоғалтқан жағдайда, жиырма төрт сағат ішінде бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды.
48. Уәкілетті орган сәулелену көздерінің бар-жоғы және қозғалысы туралы алынған ақпаратқа талдау және салыстыру жүргізеді және оларды мемлекеттік Тізілімге енгізеді.
49. Уәкілетті органға жіберілетін сәулелену көздерінің бар-жоғы, қозғалысы, жеткізілімі, дайындалуы, экспорты мен импорты, сақталуы мен көмілуі туралы деректер қағаз жеткізгіште олардың көшірмелерімен электронды жеткізгіште беріледі.
Ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерін есепке алу мен
бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша
1-нысан
Алдын ала хабарлама (ядролық материалдардың экспорты туралы)
1. Кәсіпорын атауы және оның реквизиттері: _____________________________
2. Саны: ____________________ элементтің жиынтық салмағы гр
______________________________________________бөлінетін изотоптың
(изотоптардың) гр, егер бар болса
3. Химиялық құрамы: _________________________________________________
Физикалық нысаны: __________________________________________________
Байыту және изотоптық құрамы: _______________________________________
4. Мүкәммал бірліктердің шамамен алғандағы саны: _______________________
5. Контейнерлердің сипаттамасы (типі): __________________________________
6. Елі және егер тағайындалған орны мәлім болса: _________________________
7. Тасымалдау құралдары: _____________________________________________
8. Жөнелтуге дайындық күні: ________________________________________________
Материалдың теңгерім аймағының коды: _________________________________
9. Жөнелтудің ықтимал күні:_____________________________________________
және межелі орынға келудің күтілетін күні:__________________________________
10. Алушы ел өзіне жауапкершілік алатын пункт: __________________________
11. Алушы ел ядролық материал үшін өзіне жауапкершілік алғандағы болжалды күн:
___________________________________________________________________________
12. Әкету мақсаты: ___________________________________________________
Ядролық материалды қайтарудың болжалды күні _________________________
М. О. (жауапты тұлғаның қолы) _________________________________________________
Толтырылған күні: 20___ж. « »_______________
2-нысан
Алдын ала хабарлама (ядролық материалдардың импорты туралы)
1. Кәсіпорын атауы және оның реквизиттері:______________________________
2. Саны: ____________________ элементтің жиынтық салмағы гр _________
___________________ бөлінетін изотоптың (изотоптардың) гр, егер бар болса
3. Химиялық құрамы: _________________________________________________
Физикалық нысаны: __________________________________________________
Байыту және изотоптық құрамы: ________________________________________
4. Мүкәммал бірліктердің саны: ______________________
5. Контейнерлердің сипаттамасы (типі): __________________________________
6. Елі және жөнелтуші кәсіпорын : ________________________________________
7. Тасымалдау құралдары: _____________________________________________
8. Алушы ел ядролық материал үшін өзіне жауапкершілік алатын болжалды күн:
____________________________________________________________________
9. Алушы ел ядролық материал үшін өзіне жауапкершілік алатын пункт: ________
_____________________________________________________________________
10. Межелі орынға келудің болжалды күні: _______________________________
11. Алынатын ЯМ әкелінетін материалдың теңгерім аймағының коды:
______________________________________________________________________
12. ЯМ қашан және қайда шешілуі және сәйкестендірілуі мүмкін болжалды күн және орын:
______________________________________________________________________
13. Әкелу мақсаты: _____________________________________________________
М. О. (жауапты тұлғаның қолы) _________________________________________
Толтырылған күні: 20___ж. « »______________
3-нысан
Алдын ала хабарлама (ядролық материалдарды Қазақстан Республикасы
аумағы арқылы орнын ауыстыру - материалдың теңгерім аймағынан әкету)
1. Кәсіпорын атауы және оның реквизиттері: _____________________________
2. Саны: ____________________ элементтің жиынтық салмағы гр
_________________________________________________бөлінетін изотоптың
(изотоптардың) гр, егер бар болса
3. Химиялық құрамы: _________________________________________________
Физикалық нысаны: __________________________________________________
Байыту және изотоптық құрамы: _______________________________________
4. Мүкәммал бірліктердің шамамен алғандағы саны: _______________________
5. Контейнерлердің сипаттамасы (типі): __________________________________
6.Алушы кәсіпорын;
7. Тасымалдау құралдары: _____________________________________________
8. Жөнелтуге дайындық күні: _________________________________________________
Материалдың теңгерім аймағының коды: _________________________________
9. Жөнелтудің ықтимал күні:_____________________________________________
межелі орынға келудің күтілген күні: __________________________________
10. Алушы өзіне жауапкершілік алатын пункт:__________________________
11. Алушы ядролық материал үшін өзіне жауапкершілік алатын болжалды күн:
____________________________________________________________________
12. Әкету мақсаты: __________________________________________________
ядролық материалды қайтарудың болжалды күні:_________________________
М. О. (жауапты тұлғаның қолы) ________________________________________
Толтырылған күні: 20___ж. « »________________
4-нысан
Алдын ала хабарлама (ядролық материалдарды Қазақстан Республикасы
аумағы арқылы орнын ауыстыру - материалдарды теңгерім аймағына алу)
1. Кәсіпорын атауы және оның реквизиттері:______________________________
2. Саны: ____________________________ элементтің жиынтық салмағы гр.
__________________ бөлінетін изотоптың (изотоптардың) гр, егер бар болса
3. Химиялық құрамы: _________________________________________________
Физикалық нысаны: __________________________________________________
Байыту және изотоптық құрамы: ________________________________________
4. Мүкәммал бірліктердің саны: _______________________
5. Контейнерлердің сипаттамасы (типі): __________________________________
6. Жөнелтуші кәсіпорын: ________________________________________
7. Тасымалдау құралдары: _____________________________________________
8. Алушы ядролық материал үшін өзіне жауапкершілік алатын болжалды күн:
____________________________________________________________________
9. Алушы өзіне жауапкершілік алатын пункт: __________________________
10. Межелі орынға келудің болжалды күні: _______________________________
11. Алынатын ядролық материал әкелінетін материалдық теңгерім аймағының коды:
______________________________________________________________
12. Ядролық материал қашан және қайда шешілуі және сәйкестендірілуі мүмкін болжалды
күн және нүкте: ______________________________________________________________
13. Әкелу мақсаты: ___________________________________________________
М. О. (жауапты тұлғаның қолы) ________________________________________
Толтырылған күні: 20___ж. « »________________
Ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерін есепке алу мен
бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша
1-нысан
Хабарлама (ядролық материалдардың экспорты туралы)
1. Кәсіпорын атауы және оның реквизиттері: _____________________________
2. Шарттың нөмірі _____________________ шарттың күні _________________
3. Экспортқа лицензияның немесе
ҚР кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсаттың нөмірі___________
4. Лицензияны немесе рұқсатты берген күні ______________________________
5. Лицензия немесе рұқсат бойынша көлем _______________________________
6. ЖКД немесе жүкқұжаттың нөмірі _____ ЖКД немесе жүк құжаттың күні ___
7. Дайындаушы ______________________________________________________
8. Өндеуші __________________________________________________________
9. Жөнелтуші ________________________________________________________
10. Өнімнің атауы ____________________________________________________
11. Партиның/жеткізілімнің нөмірі ________________________________________
12. Партиядағы материалдың салмағы U/Th кг ____________________________
13. Саны: ____________________ элементтің жиынтық салмағы гр.
__________________бөлінетін изотоптың (изотоптардың) гр, егер бар болса
14. Химиялық құрамы: ________________________________________________
Физикалық нысаны: __________________________________________________
Байыту және изотоптық құрамы: _______________________________________
15. Мүкәммал бірліктердің саны: ______________________
16. Контейнерлердің сипаттамасы (типі):_________________________________
17. Сатып алушы, сатып алушының елі: __________________________________
18. Алушы, алушының елі, межелі орын _________________________________
19. Тасымалдау құралдары: ____________________________________________
20. Жөнелту күні: _____________________________________________________
21. Материалдың теңгерім аймағының коды: ______________________________
22. Алушы ел өзіне жауапкершілік алатын пункт: __________________________
23. Алушы ел ядролық материал үшін өзіне жауапкершілік алған күн:
________________________________________________________________
24. Әкету мақсаты: __________________________________________________
Ядролық материалды қайтарудың болжалды күні _________________________
М. О. (жауапты тұлғаның қолы) ________________________________________
Толтырылған күні: 20___ж. « »_________________
2-нысан
Хабарлама (ядролық материалдардын импорты туралы)
1. Кәсіпорын атауы және оның реквизиттері: _____________________________
2. Шарттың нөмірі _____________________ шарттың күні _________________
3. Импортқа лицензияның немесе
ҚР кедендік аумағында қайта өңдеуге рұқсаттың нөмірі___________________
4. Лицензияны немесе рұқсатты берген күні ______________________________
5. Лицензия немесе рұқсат бойынша көлем _______________________________
6. ЖКД немесе жүкқұжаттың нөмірі _____ ЖКД немесе жүкқұжаттың күні ___
7. Өнімнің атауы ____________________________________________________
8. Партияның/жеткізілімнің нөмірі ________________________________________
9. Партиядағы материалдың салмағы U/Th кг. ____________________________
10. Саны: ____________________ элементтің жиынтық салмағы гр
__________________бөлінетін изотоптың (изотоптардың) гр, егер бар болса
11. Химиялық құрамы: ________________________________________________
Физикалық нысаны: __________________________________________________
Байыту және изотоптық құрамы: _______________________________________
12. Мүкәммал бірліктердің саны: ________________________________________
13. Контейнерлердің сипаттамасы (типі): _________________________________
14. Елі, жөнелтуші кәсіпорын: ___________________________________________
15. Қазақстандағы сатып алушы: ________________________________________
16. Тасымалдау құралдары: ____________________________________________
17. Алушы ядролық материал үшін өзіне жауапкершілік алған күн:____________________________
18. Алушы ядролық материал үшін өзіне жауапкершілік алған пункт: __________________________
19. Межелі орынға келу күні: _________________________________________
20. Алынатын ядролық материал әкелінетін материалдың теңгерім аймағының коды: ________
21. Ядролық материал қашан және қайда шешілген және сәйкестендірілген күн және орын:
____________________________________________________________________
23. Әкелу мақсаты: ___________________________________________________
М. О. (жауапты тұлғаның қолы) ________________________________________
Толтырылған күні: 20___ж. « »_________________
3-нысан
Хабарлама (ядролық материалдарды Қазақстан Республикасы аумағы арқылы
орнын ауыстыру - материалды теңгерім аймағынан әкету)
1. Кәсіпорын атауы және оның реквизиттері: ___________________________
2. Саны: ____________________ элементтің жиынтық салмағы гр
_________________________________________________бөлінетін изотоптың
(изотоптардың) гр, егер бар болса
3. Химиялық құрамы: _________________________________________________
Физикалық нысаны: __________________________________________________
Байыту және изотоптық құрамы: _______________________________________
4. Мүкәммал бірліктердің саны: _______________________
5. Контейнерлердің сипаттамасы (типі): __________________________________
6.Жөнелтуші кәсіпорын:
7. Тасымалдау құралдары: _____________________________________________
8. Жөнелтуге дайындық күні: _________________________________________________
Материалдың теңгерім аймағының коды: _________________________________
9. Жөнелту күні:_____________________________________________
және межелі орынға келудің күтілген күні: __________________________________
10. Алушы өзіне жауапкершілік алатын пункт:__________________________
11. Алушы ядролық материал үшін өзіне жауапкершілік алған болжалды күн:
____________________________________________________________________
12. Әкету мақсаты: __________________________________________________
ядролық материалды қайтарудың болжалды күні:_________________________
М. О. (жауапты тұлғаның қолы) ________________________________________
Толтырылған күні: 20___ж. « » ______________
4-нысан
Хабарлама (ядролық материалдарды Қазақстан Республикасы аумағы
арқылы орнын ауыстыру - материалды теңгерім айм